2012 жылдың 11 қаңтарынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

10.01.12 17:32
/KASE, 10.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 11 қаңтарынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 3, 7, 14 және 28 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "RG Brands" АҚ (Алматы) KZPC2Y05B988 (KZ2C00001451, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, RGBRb5; 1 теңге, 1,5 млрд теңге, 19.10.07 – 19.10.12; ; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_RGBRb5_001, R_RGBRb5_003, R_RGBRb5_007, R_RGBRb5_014 и R_RGBRb5_028 кодтары берілді.