2012 жылдың 16 қаңтарында "ОРДА кредит" несиелік серіктестік" ЖШС (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

10.01.12 12:28
/KASE, 10.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ОРДА кредит" несиелік серіктестік" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), биржаға 2012 жылдың 16 қаңтарында 11:00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы мәлімдеді. Жиналыстың күн тәртібінде: - компанияның ұйымдық құрылымын өзгерту; - компанияның жарғысына өзгертулер енгізуді бекіту; - компания Басқармасының құрамын өзгерту және бекіту; - басқа заңды тұлғаларға қатысу; - "ОРДА Капитал" басқарушы компания" АҚ акцияларын сатып алу; - "Нұр кредит" ШНҰ" ЖШС жарғылық капиталынан үлес сатып алу; - ішкі ережелерді бекіту; - 2012 жылға шығындар мен кірістердің жылдық сметасын бекіту. Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47. Осы жиналыстың қатысушыларын тіркеу сағат 10:00-ден жүргізіледі. Кворум жиналмаған жағдайда, банктің акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 17 қаңтарында сағат 10:00-де жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша өтеді. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты материалдармен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша таныса алады.