2012 жылдың 15 ақпанында "Темірбанк" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

10.01.12 11:51
/KASE, 10.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темiрбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), биржаға 2012 жылдың 15 ақпанында сағат 16:00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы мәлімдеді. Жиналыстың күн тәртібінде: - В.А. Колесникованың және А.Б. Исканованың банктің санақ комиссиясының мүшелері ретіндегі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және В.А. Колесникова және А.Б. Исканова орындарына санақ комиссиясының мүшелері ретінде Р.Ф. Борисовты және А.Т. Сапарбаевты сайлау туралы; - Директорлар кеңесінің мүшелеріне Сыйақы беру және олардың шығындарын өтеу ережелерін бекіту туралы және банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы шешімімен бекітілген (2010 жылдың 26 наурызындағы № 22 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшелеріне – тәуелсіз директорларға Сыйақы беру және олардың шығындарын өтеу ережелері күшін жойды деп мойындау туралы; - акционерлердің назарына ұсынылатын ақпарат. Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғ., 68/74, 2-ші қабат, конференц-зал. Осы жиналыстың қатысушыларын тіркеу сағат 15:00-ден жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 05 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалған. Кворум жиналмаған жағдайда, банктің акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 16 ақпанында сағат 16:00-де жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша өтеді. Қайталама жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 15:00-ден жүргізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты материалдармен Алматы қ., Абай даңғ., 68/74, 411 каб., тел.: (727) 259 65 12 мекен-жайы бойынша таныса алады.