ҚҰБ ҚҚК "Delta Bank" АҚ (Қазақстан) бірінші облигациялық бағдарламасының және KZ2CKY07B717 (KZ2C00000321, NFBNb1) облигациялары шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулерін тіркеді

06.01.12 16:59
/KASE, 06.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Delta Bank" АҚ (Алматы), өзінің бірінші облигациялық бағдарламасының және KZ2CKY07B717 (KZ2C00000321, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, NFBNb1; 100 теңге, 3,0 млрд теңге;27.09.05 – 27.09.12, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдықкупон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 10,80 %; 30/360) облигациялары шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 26 желтоқсанында тіркеп, "Delta Bank" АҚ Басқармасының құрамында болған өзгерістерге байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/nfbn мекен-жайы бойынша жарияланған.