"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ алдындағы міндеттемелерін толық орындағаны туралы хабарлады

05.01.12 16:32
/KASE, 05.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ алдындағы міндеттемелерін толық орындағаны туралы хабарлайды. Сомасы 41 566,8 млн. теңгені құрайтын міндеттемелер толық көлемде өтелді. Тартылған қарыздар бойынша несие берушілер алдында, сонымен қатар "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ шығарған облигациялары бойынша купондық сыйақы төлеуден кешіктірілген қарыздары жоқ.