"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Global Finance журналынан "Сауда-саттық қаржыландыру саласында Қазақстанның үздік банкі 2012" номинациясы бойынша марапатталғаны туралы хабарлады

05.01.12 16:02
/KASE, 05.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) Global Finance жетекші халықаралық қаржылық басылымы 78 мемлекетті қамтитын сауда- саттық қаржыландыру бойынша жыл сайынғы шолуда "Сауда-саттық қаржыландыру саласында Қазақстанның үздік банкі 2012" номинациясы бойынша марапатталды. Global Finance хабарламасы бойынша, Банкті сауда-саттықты қаржыландырудағы үздік банк деп таңдау барысында транзакциялар көлемі, жаһандық масштабтағы бизнестің көлемі, клиенттерге қызмет көрсету, бәсекеге қабілетті бағалар және инновациялық технологиялар шарттары қарастырылды. "Бүгінгі күні сауда-саттықты қолайлы бағалармен қаржыландыру жаһандық экономиканы сауықтандыру үшін аса көкейкесті болып отыр", - деп пікірін білдірді Global Finance журналын құрушылардың бірі Джозеф Д. Джиаррапуто. Қосымша ақпарат алу үшін "Қазақстан Халық Банкі" АҚ хабарласуға болады: Айнур Туякбаева Сауда-саттық және құрылымдық қаржыландыру басқармасы +7 727 259 08 07 Асель Атинова Қаржы құралдарымен жұмыс жөніндегі басқарма +7 727 259 04 30