"БТА Банкі" акционерлік қоғамы "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС банктің және оның халықаралық облигацияларының рейтингілерін кері қайтарғаны, сонымен қатар Fitch Ratings агенттігінің банктің рейтингілерін төмендеткені туралы хабарлады

04.01.12 19:18
/KASE, 04.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" АҚ (Алматы), биржаға қоғамы "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС 2011 жылдың 26 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі қолданыста болу мерзмінің аяқталуы және банктің рейтингілерді көкейкесті етуден бас тартуына байланысты 2011 жылдың 22 желтоқсанында БТА Банкінің несиеге қабілеттігі рейтингін және банктің Reg S шығарылымдарындағы облигациялық заемдарының сенімділігі рейтингілерін кері қайтарғаны туралы хабарлайды: XS0532988770; 144A: XS0532989588, Reg S: XS0531656055; 144A: XS0531656139, Reg S: XS0532989828; 144A: XS0532990164, Reg S: XS0532990248; 144A: XS0532990594, Reg S: XS0532990677; 144A: XS0532990750, Reg S: XS0532990834; 144A: XS0532990917, Reg S: XS0531657293; 144 A: XS0531657707, Reg S: XS0531657889; 144A: XS0531657962, Reg S: XS0532995049; 144A: XS0532996799. Бұрын БТА Банкінің рейтингі С+ деңгейінде "несиеге қабілеттіліктің өте төмен (дефолт алды) деңгейі" болған. Аталмыш облигациялар шығарылымының рейтингі С+ "сенімділіктің өте төмен (дефолт алды) деңгейінде" болды. 01.11.2011 жағдай бойынша БТА Банкі Қазақстанның банктерінің арасында активтерінің көлемі бойынша 3-ші орында болды. Банктің ҚЕХС сәйкес дайындалған қаржылық есеп берушілігінің мәліметтері бойынша 30.09.2011 жағдай бойынша банктің активтері 1 701,6 млрд теңгені құрады, капиталдың дефициті – 318,6 млрд теңге, банктің 2011 ж. 9 айындағы жиынтық шығыны 207,3 млрд теңге болды. Оған қоса, "БТА Банкі" АҚ "Fitch Ratings рейтингілік агенттігі Банктің рейтингілерін төмендеткені туралы" хабарлады. Биржаның 2011 жылдың 26 желтоқсанындағы "Fitch "БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) эмитентінің ұзақмерзімді дефолт рейтингілерін "С" деңгейіне дейін төмендетті" жаңалығын http://www.kase.kz/news/show/1158207 мекен-жайы бойынша көруге болады.