ҚҰБ ҚҚК "Имсталькон" АҚ (Қазақстан) бірінші және екінші облигациялық бағдарламалар шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

04.01.12 17:32
/KASE, 04.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы), өзінің біріншіжәне екінші облигациялық бағдарламалар шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулері мен толықтыруларынының көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 07 желоқсанында тіркеп, "Имсталькон" АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасы құрамында, сонымен қатар акционерлері туралы мәліметтерінде болған өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/imsk мекен-жайы бойынша жарияланған.