/KASE, 04.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), өзінің акциялар
шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмелерін
биржаға ұсынды.
Аталмыш өзгертулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті
(ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 22 тамызында тіркеп, "Kaspi Bank" АҚ
Басқармасы құрамында болған өзгерістерге байланысты енгізілді.
Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/CSBN/csbnf9_izm_220811.pdf
мекен-жайы бойынша жарияланған.