"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) KZP05Y10B464 (KZ2C00001410, CSBNb9) облигациялары бойынша 6-шы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,00 % құрады
04.01.12 14:09
/KASE, 04.01.12/ – "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына
(KASE) өзінің KZP05Y10B464 (KZ2C00001410, KASE ресми тізімі,
"Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші
санатшасы, CSBNb9; 100 теңге, 5,5 млрд теңге; 01.07.09 – 01.07.19,
инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон; 30/360)
облигациялары бойынша алтыншы купондық кезеңге сыйақы
мөлшерлемесі жылдық 10,00 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен
хабарлады.
Өткен купондық кезеңде (2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін)
аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,30 %
пайызды құраған.