ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық Банкі" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY07B360 (KZ2C00001154, EUBNb2) облигацияларын өтеу нәтижелері туралы есебін бекітті

04.01.12 13:18
/KASE, 04.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банкі" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 23 желтоқсанындағы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес, ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банкі" АҚ KZ2CKY07B360 (KZ2C00001154, EUBNb2; 100 теңге, 3,0 млрд теңге; 10.12.04 – 10.12.11; мөлшерлемесі құбылмалы жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 7,50 %; 30/360) облигацияларын өтеу нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескертпе хатына сәйкес, 2011 жылдың 13 желтоқсанында аталмыш облигациялар толығымен өтелді.