"САМРҰҚ-ҚАЗЫНА" ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖОСПАРЛАНҒАН ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫНА STANDARD & POOR’S АГЕНТТІГІ "ВВВ+" АЛДЫН АЛА РЕЙТИНГІН БЕРГІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

28.03.11 17:42
/KASE, 28.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) Standard & Poor’s рейтингілік агенттігінің 2011 жылдың 17 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынды, оның мәтіні төменде берілген. Қазақстандық "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басымдылықтағы қамсыздандырылмаған ноталарының шығарылымына "ВВВ+" алдын ала рейтингі берілді Лондон (Standard & Poor’s), 2011 жылдың 17 наурызы - бүгін Standard & Poor’s Кредиттік рейтингілер қызметі "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ("Самрұқ-Қазына" қоры) (шетел валютасындағы міндеттемелері бойынша рейтингі: ВВВ/Тұрақты/А-3; ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша: ВВВ+/Тұрақты/А-2) қазақстандық мемлекеттік холдингтік компаниясы орналастыруды жоспарлаған, 75 млрд теңге көлемінде ноталардың жетіжылдық шығарылымына ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша басымдылықтағы қамсыздандырылмаған қарыздың ұзақмерзімді "ВВВ+" рейтингісі берілдгендігін хабарлады. Ноталар рейтингтері "Самрұқ-Қазына" қорына берілген шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ұзақмерзімді кредиттік рейтингіге теңестірілді. Шығарылым көлемі және пайыздық мөлшерлемесі, сондай-ақ басқа да детальдары орналастыру процесі барысында анықталады. "Самрұқ-Қазына" қорының рейтингтері Қазақстан Республикасының кредиттік рейтингілеріне (шетел валютасындағы міндеттемелері бойынша рейтингі: ВВВ/Тұрақты/А-3; ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша: ВВВ+/Тұрақты/А-2; ұлттық шәкіл бойынша рейтинг: kzAAA) теңестірілді, біздің пікірімізше, аталмыш қор стресстік қаржылық жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінен уақытылы және жеткілікті қолдауға ие болады. "Самрұқ-Қазына" қоры - 100% мемлекетке тиесілі, қазақтандық мемлекеттік кәсіпорындарының барлығына дерлік басын біріктірген, холдингтік компания. 2010 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша "Самрұқ-Қазына" қорына 404 еншілес және тәуелді ұйымдар кірді. Қордың қадағалау қызметі оған әрбір компанияның үкімет атынан алған барлық қарыздарды бақылау және бекіту өкілеттілігін жүктейді. Капитал құю және қаржыландыру туралы холдингтік компанияның қабылдайтын шешімдері мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі басқаратын "Самрұқ-Қазына" Директорлар кеңесі арқылы мемлекеттің тікелей қатысуын айқындайды. Директорлар кеңесіне қаржы, экономика және сауда, мұнай-газ өнеркәсібі, индустрия және жаңа технологиялар министрлері және үш тәуелсіз директор енеді. Корпоративтік кредиттік рейтингтерді берудің критерийлеріне сәйкес Standard & Poor's "Самрұқ-Қазына" қорының меншікті несиеге қабілеттілігін "b" деңгейінде бағалап отыр. Бұл негізінен "Самрұқ-Қазынаның" барлық қаражаттары мен депозиттері қордан көмек алатын қазақстандық банктерде орналастырылғандығына байланысты. Біздің пікірімізше, бұл қаржы ұйымдардан қаражатты алу қаржылық жағдайдың жақсаруына қарай орта- ұзақмерзімді болуы мүмкін. Холдингтік компания дейңгейінде "Самрұқ-Қазына" қорының ақшалай көрсетілімдегі кірістері инвестициядан түскен пайыздық төлемдер мен дивидендтерден құралады. Қосымша ақша ағымы орталық үкімет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының бюджетінен аудармаларға байланысты. "Самрұқ-Қазына" қорының қайта қаржылануы тәуекелін, оның аффилиирленген компаниялар мен үкіметке мерізмдік міндеттемелері шамалы екенін ескере отырып, төмен деп бағалаймыз. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Самрұқ-Қазына" қорына қаржылай және қаржысыз көмек көрсетуде өзінің маңызды мүддесі бар екендігін білдірді. Қазақстанның бюджеттік заңнамасында қор капиталына жылдық жарналарды бөлуді қарастыратын қағидалар бар. Мұндай жарналардың жалпы сомасы 2010-2013 жж. 317 млрд теңгені (шамамен 2,5 млрд долл., немесе 2% ЖІП) құрады; бұған қоса 2010-2013 жж. қорға жалпы сомасы 49 млрд теңгені құрайтын тікелей несиелер берілетін болады. "Самрұқ-Қазына" қорының құрамына кіретін көптеген компаниялардың көрсеткішіне мемлекеттік бюджеттен тұрақты тікелей аударымдар жағымды ықпал етуде. Біздің пікірімізше, мемлекеттік тарапынан маңызды ағымдағы қолдау және мұқият қадағалау "Самрұқ-Қазына" қорының мемлекет үшін маңызды рөлін сақтайды. Сарапшылармен байланыс: Ана Еленкович, Лондон, 44 20 7176 71 16 Ana_ Jelenkovic@standardandpoors.com Иван Морозов, Лондон 44 20 7176 71 59 Ivan_morozov@standardandpoors.com Елена Ананькина, Москва 7 495 783 41 30 elena_anankina@standardandpoors.com