ҚҚА "ҚАЗАҚСТАН ҚАҒАЗЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZPC1Y05C020 (KKAGB2) ОБЛИГАЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫ АҢДАТПАСЫНЫҢ ӨЗГЕРТУЛЕРІН ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАРЫН ТІРКЕДІ

24.03.11 18:35
/KASE, 24.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.) KZPC1Y05C020 облигацияларының (KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты; KKAGb2; 1 теңге, 3,5 млрд теңге; 07.04.06 – 07.04.11, инфляция деңгейімен индекстелінген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,00 %; 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін және бұрында берілген куәліктің орнына 2011 жылдың 18 наурызындағы бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі аталмыш облигациялар шырғарылым аңдатпасына өзгертулерді және толықтыруларды тіркеді; - айтылмыш куәлік аталған облигациялардың айналыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстырылды; - аталмыш облигацияларды өтеу күні 2011 жылдың 07 сәуірінен 2011 жылдың 18 наурызына өзгертілді; - облигациялардың атаулы құны өзгертілді және, оған 2009 жылдың 07 қазанынан 2011 жылдың 18 наурызына дейінгі кезеңде төленбеген сыйақы мөлшерлемесін қоса, бір облигацияға 1 теңге құрады; - сыйақы мөлшері өзгертілді және облигацияның атаулы құнынан жылдық 13,00 % құрады; - аталмыш облигациялар шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тіліміне C02-1 нөмірімен енгізілді. Аталмыш облигациялар шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKAG/kkagf9b2_izm_180311.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған