"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ-НЫҢ KZPC4Y10B190 (HSBKB7) ЖӘНЕ KZPC5Y10B197 (HSBKB8) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

02.03.11 17:48
/KASE, 02.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 25 ақпанындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ-ның мынадай облигацияларына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты: - KZPC4Y10B190 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, HSBKb7; 1 теңге, 4,0 млрд теңге, 31.12.04 – 31.12.14; жартыжылдық купон жылдық 7,50 %; 30/360); - KZPC5Y10B197 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, HSBKb8; 10 000 теңге, 4,0 млрд теңге, 11.04.05 – 11.04.15; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,00 %; 30/360). "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ000A0TZXF6 ISIN KZPC4Y10B190 (HSBKb7) облигацияларына 2008 жылдың 05 тамызында, KZ000A0T88H0 ISIN KZPC5Y10B197 облигацияларына 2009 жылдың 23 сәуірінде, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.