"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ-НЫҢ KZ1C33870011 (HSBK) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА KZ000A0LE0S4 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

02.03.11 17:36
/KASE, 02.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 25 ақпанындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ-ның KZ1C33870011 жай акцияларына (KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ000A0LE0S4 ISIN аталмыш облигацияларға 2006 жылдың 21 қарашасында, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.