"ИМСТАЛЬКОН" АҚ (ҚАЗАҚТАН) ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ "АМФ 1 – ИМСТАЛЬКОН" ЖСШ-Н ЖӘНЕ "АМФ 2 – ИМСТАЛЬКОН" ЖШС-Н ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

03.03.11 15:47
/KASE, 03.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы) биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. Директорлар кеңесі2011 жылдың 17 ақпанында өткен отырыста "АМФ 2 – Имсталькон" ЖШС-н (Алматы қ.) "АМФ 1 – Имсталькон" ЖШС-не (Алматы қ.) қосу арқылы "АМФ 1 – Имсталькон" ЖШС-н және "АМФ 2 – Имсталькон" ЖШС- н қайта құрылымдау мәселесіне қатысты шешім қабылдады. Сондай-ақ ағымдағы жылдың ақпанында мынадай еншілес ұйымдардың жарғылық капиталын азайту мәселесіне қатысты шешім қабылданды: - "Лисаковская монтажная фирма – Имсталькон" ЖШС (Лисаковск қ.), - "Рудненская монтажная фирма – Имсталькон" ЖШС (Рудный қ.), - "Рудненский завод металлоконструкций – Имсталькон" ЖШС (Рудный қ.), - "Карагандинский завод металлоконструкций – Имсталькон" ЖШС (Қараганда қ.), - "Усть-Каменогорский завод металлоконструкций – Имсталькон" ЖШС (Өскемен қ.).