"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ ӨЗ САЙТЫНДА БАНК БӨЛІМШЕЛЕРІ МЕН ӨЗДІГІНЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

01.03.11 17:04
/KASE, 01.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 01 наурызындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді: иитата басы Халық Банкінің сайтында (www.halykbank.kz) пайдалануға қосылған Банк бөлімшелері мен өздігінен қызмет көрсету құрылғылары көрсетілген Қазақстанның интерактивті картасы туралы Қазақстан Халық Банкі мен АвтоАтлас.kz компаниясының бірлескен жобасының жүзеге асырылуы арқасында Интернет желісін пайдаланушы Банк клиенттері ендігі жерде Банктің жақын маңда орналасқан бөлімшелерін немесе Банк банкоматтары мен терминалдарының орналасқан жерін қиналмастан тауып, бірден анықтай алады. Банк бөлімшелері мен өздігінен қызмет көрсетуші құрылғыларын іздестіру үшін клиентке Банктің www.halykbank.kz сайтына кіріп, одан әрі сілтеме бойынша maps.halykbank.kz сайтына көшу керек болады. Пайдаланушыға Банктің 22 облыстық филиалының кез келгені бойынша объектілердің барлығын: банкоматтарды, банк терминалдарын, облыстық филиалды, есеп айырысу-касса бөлімдерін, дербес сервис орталықтарын, VIP-орталықтарын іздестіру мүмкіндігі беріледі. Картада орналастырылған объектілердің интерактивті сілтемелерінің (иконкалар) көмегімен объект туралы (нөмірі, мекен-жайы, жұмыс режимі) қысқаша ақпарат алуға болады, ал сайттағы арнайы бөлімге көшу арқылы таңдалған бөлімше жөнінде толығырақ мәлімет (телефоны, жауапты тұлғалардың Т.А.Ә. және көрсетілетін қызмет түрлері) алуға да болады. Аталған сайт (maps.halykbank.kz) көпшілікке белгілі Интернет- браузерлерінің барлығына (Internet Explorer, Mozilla FireFox, Google Chrome, Opera және басқасы) бейімделген. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_010311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.