ҚҚА "ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP03Y07C612 (EUBNB6) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУДІ БЕКІТТІ

31.03.11 16:07
/KASE, 31.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің (ҚҚА) 2011 жылдың 25 наурызындағы ескертпе хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Айтылмыш құжатқа сәйкес ҚҚА "Еуразиялық банк" АҚ KZP03Y07C612 облигацияларын (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EUBNb6; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 01.09.08 – 01.09.15; жартыжылдық купон жылдық 11,00 %; 30/360) орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті. ҚҚА ескертпе хатына сәйкес 2011 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша аталмыш 38 046 800 облигация орналастырылды.