"Азық-түліктік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) басқармасы құрамындағы өзгерістер

14.03.11 16:20
/KASE, 14.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі - Корпорация) Биржаға ресми хат жолдап былай деп хабарлады. Корпорация Директорлар кеңесінің 2011 жылдың 21 қаңтарындағы # 2 шешімімен Корпорация Басқармасының Төрағасы Руслан Джумабаевич Азимовтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, Корпорация Директорлар кеңесінің 2011 жылдың 17 ақпанындағы # 5 шешімімен Корпорация Басқармасының мүшесі – Корпорацияның Коммерциялық мәселелері жөніндегі Басқару директоры Дәулет Нұрланұлы Увашевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.