"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) MOODY'S INVESTORS SERVICE АГЕНТТІГІНІҢ БАНК ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА РЕЙТИНГІЛІК БАҒАЛАУ БЕРГЕНІН ЖӘНЕ ОНЫҢ КРЕДИТТІК РЕЙТИНГІН "В1" ДЕҢГЕЙІНДЕ РАСТАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

31.03.11 15:57
/KASE, 31.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі - Банк) Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. 2011 жылдың 18 наурызында Moody's Investors Service рейтингілік агенттігі Банктің бесінші (ҰСН:KZP02Y15C617) және жетінші (ҰСН: KZP04Y10C614) шығарылымдарының қамтылусыз атаулы купондық облигацияларына ұлттық валютадағы "B1" ұзақмерзімді кредиттік рейтингті берді, сондай-ақ Банктің алтыншы (ҰСН: KZP03Y07C612) және сегізінші (ҰСН: KZP01Y15D252) шығарылымдарының қамтылусыз субординацияланған купондық атаулы облигацияларына ұлттық валютадағы "B2" ұзақмерзімді кредиттік рейтингті берді. Бұл рейтингітер бойынша болжам негативті болып табылады. Сондай- ақ 2011 жылдың 22 наурызындағы Moody's Investors Service агенттігі Банктің бұдан бұрын берілген ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады, болжам негативті. "Еуразиялық банк" АҚ Биржаға ұсынған Moody's Investors Service Агенттігінің ағылшын тіліндегі баспасөз-хабарламалары KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша жарияланған: - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_180311_eng.pdf – 2011 жылдың 11 наурызында; - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_220311.eng.pdf – 2011 жылдың 22 наурызында.