"ҚАЗАҚСТАН КАҒАЗЫ" АҚ ӨЗІНІҢ KZPC2Y07C024 (KKAGB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 9-ШЫ КУПОНЫН ТӨЛЕУ КІДІРЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

10.03.11 17:14
/KASE, 10.03.11 / – "Қазақстан Кағазы" АҚ (Алматы обл.) өзінің KZPC2Y07C024 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, KKAGb3; 1 теңге, 3,5 млрд теңге; 22.08.06 – 22.08.13, инфляция деңгейімен индектелген жартыжылдық купон,есептік купондық кезеңге жылдық 8,30 %; 30/360) тоғызыншы купондық кезеңге сыйақы төлеу кідіретіні туралы хабарлап Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдады. "Қазақстан Кағазы" АҚ аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына сәйкес осы сыйақы 2011 жылдың 22 ақпанынан 05 наурызына дейінгі мерзімде төленуі тиіс болған. "Қазақстан Кағазы" АҚ ресми хаттында мәлімдеді: цитата басы "Қазақстан Кағазы" АҚ ҰСН "Қазақстан Кағазы" АҚ шығарылым облигациялары бойынша 9-шы купондық кезеңге 142 202 655 (жүз қырық екі миллион екі жүз екі мың алты жүз елу бес) теңге көлемінде купондық сыйақыны төлемегенін хабарлайды. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Биржалық кеңесі 15.02.2010 жылы бекіткен (# 4 хаттама) эмитенттің бағалы қағаздарын "Буферлік санатқа" ауыстыру негіздерін жою бойынша Шаралар Жоспарына сәйкес, эмитенттің бағалы қағаздары биржаның ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "Буферлік санатына" ауыстырылды. Қазіргі уақытта эмитент борыштық бағалы қағаздардың шығарылым шарттарын өзгертулері бойынша келісу мақсатында осы шығарылым облигацияларының ұстаушыларымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Жоғарыда айтынлғанның негізінде және эмитенттің қиын қаржы жағдайын ескере отырып, берешек төлеу тәртібі мен мерзімдері бойынша облигациялар ұстаушыларымен келісіледі. цитата соңы Облигациялары бойынша дефолтқа қол жеткізген листингілік компаниялардың тізімі KASE веб-сайтында "Эмитенттер" бөлімінде ("дефолт"салымшасында) http://www.kase.kz/ru/emitters мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.