2011 ЖЫЛДЫҢ 25 СӘУІРДЕ "АТФБАНК" АҚ (КАЗАХСТАН) АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

18.03.11 16:40
/KASE, 18.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2011 жылдың 25 сәуірінде сағат 11:00 банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банк акционерлері жиналысының жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - 2010 жылға банктің аудирленген шоғырланған қаржылық есеп берушілігін бекіту; - 2010 жылға банктің таза табысын бөлу тәртібін бекіту; - банк акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімдерді қабылдау; - банк және оның қызметкерлерінің қызметіне қатысты акционерлердің шағымдары туралы мәселені қарастыру және оларды қарастыру қорытындылары; - Басқарма мүшелері мен банк Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшері туралы банк акционерлерін хабардар ету; - 2010 қаржы жылы ішіндегі банктің Директорлар кеңесінің қызметі туралы есепті бекіту; - банк Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау; - банк Директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің сыйақы мөлшерін анықтау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Фурманов көш., 100б. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден 10:45-ке дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 24 наурызындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 26 сәуірінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен 2011 жылдың 15 сәуірінен 24 сәуіріне дейін жұмыс уақытында Алматы қ., Фурманов көш., 100г мекен-жайы бойынша, тел.: (727) 258 30 00, қосымша 1926, 1222 телефоны арқылы танысуына болады.