"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) "МКО "ПРОСТОКРЕДИТ" ЖШС-МЕН ҚОСЫЛУ БОЙЫНША МӘМІЛЕНІҢ АҚТАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

01.03.11 15:59
/KASE, 01.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 01 наурызындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді. 2011 жылдың 21 ақпанында "Еуразиялық банк" АҚ "ПростоКредит" ЖШС-мен қосылу мәмілесін ақтады. Сосьете Женеральмен (ПростоКредиттің бұрынғы иесі) келісім бойынша мәмілесі сомасы мен өзге де детальдар жарияланбауда. Келісімнің шарттарына сәйкес, ПростоКредиттің стандартты портфелі мәміле аяқталғаннан кейін бірден Еуразиялық Банктің балансына аударылады. Бұл ретте ПростоКредиттің бүкіл бизнесі, ұйымдастыру- шылық модельді, сату жүйесін және ақпараттық платформасын қоса, белгілі бір уақыт аралығында Еуразиялық Банктің құрылымына біріктіріледі. Қазіргі уақытта ПростоКредит жеке заңды тұлға ретінде Еуразиялық Банктің бөлшектік бизнес брендтерінің бірі болып қызмет етуде. Сонымен бірге Еуразиялық банк ПростоКредиттің ағымдағы, сондай-ақ несиелеу көлемінің жоспарлы ұлғаюын қаржыландырады. ПростоЕредитті сатып алу туралы шешімін қабылдай отырып, Еуразиялық банктің акционерлері мен топ-менеджерлері банктің банктік қызметтің барлық түрлерін көрсететін, әмбебап, заманауи қаржы институтына айналуына негізделетін, қабылданған стратегияны басшылыққа алды. Аталмыш стратегияны жүзеге асыру қуатты корпоративті бизнестің болуымен қатар бөлшектік банкингтің бұдан да белсенді дамуын қарастырады. Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_010311.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_010311_eng.pdf – ағылшын тілінде.