"АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ-ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП Б.О. КАБДРАХМАНОВ САЙЛАНДЫ

17.03.11 15:17
/KASE, 17.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі - Корпорация) Биржаға ресми хат жолдап, Корпорация Директорлар кеңесінің 2011 жылдың 15 наурызындағы шешімімен Корпорация Басқармасының төрағасы болып Қабдрахманов Бейбітхан Оразханұлы сайланғандығын хабарлады. Корпорация Басқармасы төрағасының орынбасары ретіндегі Бейбітхан Оразханұлы Қабдрахмановтың өкілеттілігі тоқтатылды.