"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) Ural Group Limited компаниясының 50 % акциясын сатып алу туралы Exploration Venture Limited-пен келісім жасасқаны туралы хабарлады

11.03.11 14:47
/KASE, 11.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 11 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") Exploration Venture Limited (EVL) компаниясымен "Ural Group Limited" (UGL) компаниясындағы 50 % акцияны сатып алу жөнінде келісімге қол қойғанын хабарлайды. UGL Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының іргесінде және бірқатар қолданыстағы ірі кен орындарына жақын орналасқан Федоров блогында көмірсутектерін барлау жүргізу құқығына ие "Урал Ойл энд Газ" (УОГ) ЖШС-нің 100 % қатысу үлесінің иесі болып табылады. UGL-дегі 50 % акцияны сатып алу құны 149,1 млн. АҚШ долларын құрайды және акциялар үшін 61,3 млн. АҚШ долларын және Акционерлік займдар бойынша (2010 жылдың 1 қаңтары күнгі жағдай бойынша) талап ету құқығы үшін 87,8 млн. АҚШ долларын қамтиды. Мәміленің шарттары бойынша, Акционерлік займдар коммерциялық өндіру басталғаннан кейін ҚМГ БӨ пайдасына төленеді. EVL компаниясының жұмыс бағдарламаларын мәміле жабылған күнге дейін қаржыландыруына байланысты, Акционерлік займдар үшін сыйақылардың түпкілікті бағасы өзгертуге жатады. Мәміле ҚМГ БӨ өз қаржысы есебінен қаржыландырылады. УОГ 2014 жылға дейінгі мерзімде қолданыстағы және одан әрі көмірсутегі шикізаттарын өндіруге келісім жасау құқығы бар жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес, Федоров блогында барлау жұмыстарын жүргізеді. 2008 жылы Федоров блогының аумағында Рожковское мұнайгаз конденсатты кенорны табылды, қазіргі таңда УОГ оған бағалау жүргізуде. ҚР Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен 2010 жылдың соңындағы қорлардың есебіне сәйкес, Федоров блогында С1+С2 санаты бойынша алынған газ және конденсаттың жалпы қоры 203,4 млн. баррель мұнай баламасын құрайды. Федоров блогының аумағы арқылы Газпром компаниясының "Орынбор-Батыс Еуропа" магистралді газ құбыры өтеді. Одан бөлек, Федоров блогының жанынан "Атырау-Самара" экпорттық магистралді мұнай құбыры, сондай-ақ Каспий құбыр желісі консорциуымының жүйесі арқылы әлемдік рынокқа шығуға мүмкіндік беретін "Қарашығанақ-Атырау" құбыр желісі өтеді. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_110311.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_110311_eng.pdf – ағылшын тілінде.