KASE биржалық кеңесі шетел валюталарының нарығы жөніндегі комитеттің жаңа құрамын бекітті

14.03.11 15:29
/KASE, 14.03.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің шешімімен Шетел валютарының нарығы жөніндегі комитет мүшелерінің өкілеттілігі 2011 жылдың 30 наурызында аяқталуына байланысты 2011 жылдың 31 наурызынан бастап Шетел валюталарының нарығы жөніндегі комитеттің келесі құрамы бекітілді: - Хаджиева Мария Жамалқызы – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА) Бағалы қағаздар нарығының субъектілері мен жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментінің директоры, ол болмаған жағдайда – Абжанов Қуанышбек Қайратұлы - ҚҚА Бағалы қағаздар нарығының субъектілері мен жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментінің Бағалы қағаздар нарығын және жаңа қаржы құралдарын дамыту басқармасының бастығы; - Мұхамеджанов Әділ Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несиелік операциялар бөлімінің бастығы; - Сәбитов Идель Марсильевич – KASE Бірінші Вице-президенті, ол болмаған жағдайда – Бабенов Болат Базартайұлы, KASE Вице-президенті, соңғысы болмаған жағдайда – Цалюк Андрей Юрьевич, KASE Вице-президенті; - Бабаев Ариф Шавердиевич – "RBS (Kazakhstan)" Еншілес банкі АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, ол болмаған жағдайда – Алимқұлов Сәкен Әуезұлы, "RBS (Kazakhstan)" Еншілес банкі АҚ Қазынашылық департаментінің дилері; - Байтелиев Нұртелі Тұлтайұлы – "Еуразиялық банк" АҚ Қазынашылық департаментінің Банкаралық операциялар басқармасының бастығы; - Михайлов Евгений Борисович – "Қазкоммбанк" АҚ шетел валюталарымен және асыл металдармен жасалатын операциялар бойынша басқарма бастығы; - Романенко Игорь Алексеевич – "Kaspi Bank" Қазынашылық департаментінің директоры; - Салимов Ертай Исмаилұлы – "Қазақстан Жинақ халық банкі" АҚ Қазынашылығы директоры; - Үсенов Ерқанат Ермұратұлы – "ЦентрКредит Банкі" АҚ Қазынашылық департаментінің Дилинг басқармасының бастығы, ол болмаған жағдайда - Қазиев Асқар Рүстемұлы, "ЦентрКредит Банкі" АҚ Қазынашылық департаментінің банкаралық бөлімінің бастығы. Шетел валюталары нарығының комитеті KASE-тің құрылымынан тыс тұрақты органы болып табылатындығын Биржа еске салады, оның негізгі міндеті валюталық нарықтың төлемге қабілетсіз мүшелерін анықтау және қажет болғанда, оларды сатылатын және/немесе сатып алынатын шетел валютасын төлеудің мерзімдік режимінен алдын ала жеткізу режиміне ауыстыру туралы шешім қабылдау болып табылады.