KAZAKHMYS PLC КОМПАНИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІ) 2011 ЖЫЛДЫҢ 13 МАМЫРЫНАН БАСТАП ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ ӨЗГЕРЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

29.03.11 15:32
/KASE, 29.03.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 29 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс Тобы Жыл сайынғы акционерлердің жалпы Жиналысынан соң 2011 жылдың 13 мамырынан бастап өз күшіне енетін Директорлар Кеңесі құрамында орын алатын өзгерістер жайлы хабарлап отыр. Питер Хиксон Директорлар Кеңесінің құрамынан шығады, оның лауазымына атқарушы емес тəуелсіз директорды жаңадан тағайындау жоспарланды. Дамыту жөніндегі директор Дэвид Манро қызметінен отставкаға кетеді əрі Директорлар Кеңесінің құрамынан шығады. Алайда, Дэвид Манро Топтағы Атқарушы директор міндеттерін ішінара атқаруын жалғастыра бермек. Алдағы Жыл сайынғы Жалпы жиналыста "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқарма Төрағасы Эдуард Огайдың кандидатурасы Атқарушы директор ретінде тағайындалуын қарауға Директорлар кеңесіне ұсынылады. Қазақмыс Тобы Директорлар Кеңесінің Төрағасы Владимир Ким берген түсініктеме: "Қазақмыс Тобы Директорлар кеңесінің құрамына кіретін басшылардың түрлі салалардағы алған тəжірибелері мол. Біздің Тəуелсіз директорлар өз міндеттерін орындауға қаншама күш-жігерлерін салып, уақыттарын жұмсап келеді. Мен, Дэвид Манро мен Питер Хиксонға олардың Топты дамытуға қосқан үлестері мен адал ниеттеріне ризашылығымды білдіргім келеді. Бұдан əрі де біз Дэвидтің бағалы тəжірибесіне иек артуға мүмкіншілігіміздің барына қуаныштымын.Сонымен қатар, Эдуард Қазақмыстың, жалпы алғанда Топтың операциялық қызметі туралы жан-жақты білімдеріне негізделген бағалы білімдерін Директорлар кеңесінің қызметіне əкеледі деген сенімдемін." цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_290311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.