ҚҚА "ОРДА КРЕДИТ" НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІГІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2P0Y05C900 (ORDKB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН 2010 ЖЫЛДЫҢ 16 ШІЛДЕСІНЕН 2011 ЖЫЛДЫҢ 16 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛДЫ

25.03.11 14:05
/KASE, 25.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" АҚ (Шымкент) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 16 наурызындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 16 шілдесінен 2011 жылдың 16 қаңтарына дейінгі кезеңде "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" АҚ облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2011 жылдың 16 қаңтарындағы жағдай бойынша "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" АҚ 459 300 аталған облигациялары орналастырылмаған. Аталған облигациялар (KZ2P0Y05C900, ORDKb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд тенге; 26.01.08 – 26.01.13; тоқсандық купон жылдық 12,00 %; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингіліе бағалауы жоқ бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы бойынша енгізілді.