"АТФБАНК" АҚ "ДОСЖАН ТЕМІР ЖОЛЫ (ДТЖ)" АҚ ӨЗІНІҢ KZ2CKY23B672 (DTJLB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 5-ШІ КУПОНЫН ӨТЕГЕНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

05.03.11 15:31
/KASE, 05.03.11/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ-ның (Алматы, бұдан ары - Қоғам) KZ2CKY23B672 инфрақұрылымдық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28; инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, бесінші купондық кезеңге жылдық 8,85 %, 30/360) ұстаушыларының өкілі ретінде "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан ары - Банк) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. Банк Қоғамның 2011 жылдың 01 наурызында бесінші купондық сыйақы бойынша 2 654 459 265 (екі миллиард алты жүз елу төрт миллион төрт жүз елу тоғыз мың екі жүз алпыс бес) теңге 00 тиын көлеміндегі қарызын өтегенін хабарлайды. Аталмыш облигацияларды "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ "Шар - Өскемен" станциясы" жаңа темір жол желісінің құрылысы және оны пайдалану" жобасын жүзеге асыру үшін ақша алу мақсатымен шығарғанын еске саламыз. Аталған облигациялар бойынша бесінші купондық кезеңге сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берілді (2009 жылдың 02 тамызынан бастап 2010 жылдың 01 тамызына дейін). Төменде осы тақырып бойынша құжаттарға сілтемелер келтірілген: - "АТФБанк" АҚ KZ2CKY23B672 (DTJLb1) облигацияларын ұстаушылары алдындағы міндеттерін орындау бойынша қолданылған шараларға қатысты "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ түсініктемелерін ұсынды" атты 2010 жылдың 08 желтоқсанындағы KASE жаңалығы - http://www.kase.kz/news/show/1123687 - "24 қыркүйектен бастап "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (DTJLb1) облигациялары "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасынан "буферлік санат" санатына ауыстырылды" атты 2010 жылдың 24 қыркүйегіндегі KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1116739 - "Листингілік комиссия 21 қыркүйекте "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (DTJLb1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздерін жою бойынша шаралар жоспарын қабылдады" атты 2010 жылдың 22 қыркүйегіндегі KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1116480 - "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (DTJLb1) облигациялары бойынша 5-ші купонын төлеуін кідіртетінін хабарлады" атты 2010 жылдың 18 тамызындағы KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1113387 - "АТФБанк" АҚ "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ-ның (Қазақстан) KZ2CKY23B672 (DTJLb1) облигациялары бойынша дефолты туралы хабарлады" атты 17 тамызындағы KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1113269 - - "АТФБанк" АҚ "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ-ның KZ2CKY23B672 (DTJLb1) облигациялары бойынша 5-ші купонын төлеуін кідіртетінін хабарлады" атты 2010 жылдың 11 тамызындағы KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1112736 Өз облигациялары бойынша дефолтқа жол берген листингілік компаниялардың тізімі "Эмитенттер" бөлімінде ("дефолт" салымшасында) http://www.kase.kz/kz/emitters мекен-жай бойынша қол жетімді. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.