2011 ЖЫЛДЫҢ 14 СӘУІРІНДЕ "БТА БАНК" АҚ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ "БТА ҚАЗАҚСТАН" ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ" АҚ, "ҰЛАР ҮМІТ" ЖЗҚ" АҚ ЖӘНЕ "ЖЕТІСУ" ЗАИБЖҰ" АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ БІРЛЕСКЕН ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

16.03.11 16:15
/KASE, 16.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы "БТА Қазақстан" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы, бұдан әрі – "БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ), 2011 жылдың 14 сәуірінде сағат 10:00 "БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ, "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ (тақырып атауында және бұдан әрі – "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ) және "Жетісу" зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" АҚ (тақырып атауында және бұдан әрі – "Жетісу" ЗАИБЖҰ" АҚ) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ-на қосу арқылы "БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ және "Жетісу" ЗАИБЖҰ" АҚ өз еркімен қайта ұйымдастыру; - қосылу туралы келісім-шартты және тапсыру актісін бекіту; - қосылатын қоғамдар акцияларын сату тәртібі, мерзімі және бағасы; - құрамына қоғамдар енетін қоғам акцияларын орналастыру (сату) тәртібі, мерзімі және бағасы; - "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ, "БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ және "Жетісу" ЗАИБЖҰ" АҚ акционерлері арасында акцияларды алмастыру үрдісін бекіту; - Қайта ұйымдастыруды өткізуге жауап беретін тұлғаны анықтау және оған Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішті білдіру өкілеттілігін жүктеу; - "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ-на қосу арқылы "БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ және "Жетісу" ЗАИБЖҰ" АҚ қайта ұйымдастыру жоспарын (жобасын) бекіту; - Меншікті қаражат пен зейнеткерлік активтер, қоғам қайта ұйымдастырылғаннан кейін оның болжалмалы (есептелген) балансы бойынша "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ-на қосу арқылы "БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ және "Жетісу" ЗАИБЖҰ" АҚ өз еркімен қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамын бекіту; - "БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ және "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ салымшыларына (алушыларына), сондай-ақ олардың кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы хабарлау; - "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ қосылуына және акция шығарылымдарының жойылуына байланысты "БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ және "Жетісу" ЗАИБЖҰ" АҚ қызметінің тоқтатылуы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Самал-2 ы/а., Жолдасбеков көш., 97, А2 блогы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 09:30-дан басталады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 15 сәуірінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі.