"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2CKY07B915 (EUBNB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША АЙНАЛЫСТЫҢ 6-ШЫ ЖЫЛЫНА СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 9,10 % ҚҰРАДЫ

01.03.11 12:24
/KASE, 01.03.11/ – "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZ2CKY07B915 субординацияланған облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EUBNb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 05.04.06 – 05.04.13, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) айналыстың келесі жылына купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,10 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 05 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,40 % пайызды құраған.