"АТФБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ 2011 ЖЫЛДЫҢ 11 НАУРЫЗЫНДАҒЫ ШЕШІМДЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

30.03.11 12:32
/KASE, 30.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы) биржаға ресми хат жолдап, 2011 жылдың 11 наурызында Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдағанын хабарлады: цитата басы 1. 2011 жылдың 01 қаңтарынан 2011 жылдың 31 қаңтарына дейін ЮниКредит Групп мүшелерімен жасасқан қазынашылық мәмілелер бекітілді; 2. 2011 жылдың 01 қаңтарынан 2011 жылдың 31 қаңтарына дейін ЮниКредит Групп мүшелерімен жасасқан Корпоративті транзакциондық өнімдер департаментінің мәмілелері бекітілді; 3. жалпы сомасы 404 000 еуроны құрайтын "GEMO" бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алу туралы Банк және UniCredit Global Information Services арасындағы келісім-шарт бекітілді; 4. "АТФБанк" АҚ және "Банк Сибирь" ЖАҚ арасында жасасқан заңды тұлғаның мерзімдік депозиттік салымының 2010 жылдың 01 шілесіндегі Келісім- шартына, Ресей Федерациясының Орталық Банкі тарапынан техникалық сипаттағы ескертулерге байланысты, қосымша келісім бекітілді; 5. "АТФБанк" АҚ және "ЮниКредит Банк" ААҚ (бұдан бұрын – "АТФБанк- Қырғызстан" ААҚ) арасында соңғысының атауы өзгергендігіне байланысты қосымша келісімдер бекітілді. цитата соңы