2011 ЖЫЛДЫҢ 26 НАУРЫЗЫНДА "ОРДА КРЕДИТ" КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІГІ" ЖШС (КАЗАХСТАН) ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

09.03.11 13:26
/KASE, 09.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" кредиттік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), 2011 жылдың 26 наурызында сағат 11:00 компания қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2010 жылға шығындар мен кірістер сметасын орындау туралы компания Басқармасының есебі және 2010 жылға компанияның жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның таза табысын бөлу; - 2011 жылға компанияның шығындар мен кірістерінің жылдық сметасын бекіту; - компанияның бизнес-жоспарын бекіту; - компания Басқармасының құрамын өзгерту және бекіту; - ревизорды сайлау; - компания қатысушыларының үлесін қайта сатып алу. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47. Аталмыш жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден басталады. Кворум жиналмаған жағдайда компания қатысушыларының қайталама жиналысы 2011 жылдың 27 наурызында 10:00-де жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Қатысушылар аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша танысуына болады.