02 НАУРЫЗДАН БАСТАП KASE ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚ СЕКТОРЫНДА "ЖАЙЫҚМҰНАЙ" ЖШС (ҚАЗАҚСТАН) USN97708AA49, US98951QAA31 (ZHMNE1) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ АШЫЛДЫ

02.03.11 13:05
/KASE, 02.03.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 02 наурызынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) USN97708AA49, US98951QAA31 халықаралық облигациялары (ZHMNe1, $450,0 млн; 19.10.10 – 19.10.15; жылдық 10,50 % жартыжылдық купон; 30/360) бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 20 600 АҚЩ доллары. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 24 ақпанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/zhmn мекен-жайы бойынша жарияланған.