"ИМСТАЛЬКОН" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗ ЛИЦЕНЗИЯЛАРЫНА ЖАҢА ҚОСЫМШАЛАР АЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ

17.03.11 11:57
/KASE, 17.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес қайта ресімделген мынадай лицензияларының көшірмелерін жаңа қосымшаларымен Биржаға ұсынды: - сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласында жобалық-іздестіру қызметін жүзеге асыруғы құқық беретін Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 1995 жылдың 13 қыркүйегіндегі # 000167 МҚЛ мемлекеттік лицензиясы (қайта ресімдеу 2010 жылдың 15 ақпанында жүзеге асырылды, қосымшалар 2011 жылдың 28 ақпанында берілді); - сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласында құрылыстық-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға құқық беретін Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 1995 жылдың 13 қыркүйегіндегі # 040201 МҚЛ мемлекеттік лицензиясы (қосымшалар 2011 жылдың 28 ақпанында берілді); - сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласында құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын (сертификатталатын өнімді қоспағанда) өндіруді (шығаруды) жүзеге асыруға құқық беретін Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 1995 жылдың 13 қыркүйегіндегі # 04202 МҚЛ мемлекеттік лицензиясы (қосымшалар 2011 жылдың 28 ақпанында берілді). "Имстальком" АҚ 2011 жылдың 09 наурызында Биржаға ресми хат жолдап, қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыруға құқық беретін өз лицензияларының лицензиарға қайтарылғандығын хабарлаған болатын.