S&P "ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АҚ GAMMA КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУ РЕЙТИНГІН GAMMA-5+ ДЕҢГЕЙІНЕ ДЕЙІН КӨТЕРДІ

15.03.11 11:34
/Standard & Poor's, Мәскеу, 14.03.11, Standard & Poor's ағылшыннан аудармасы, KASE тақырып атауы/ – Бүгін Standard & Poor’s Корпоративті басқарудың рейтингтер қызметі "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) берілген GAMMA ("Корпоративті басқаруды, есеп берушілікті және менеджментті тиімді сараптау және бағалау") рейтингісінің GAMMA-5+ деңгейіне дейін көтергендігін хабарлады. Рейтингті арттыру ең алдымен Директорлар кеңесінің құрамына жаңадан екі тәуелсіз директордың қосылуына және 2010 жылы банктің ұзақ мерзімді стратегиясының бекітілуіне байланысты. ҚДБ – қазақстандық даму институты, 100% "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на тиесілі. ҚДБ GАММА рейтингі 1-ден (төменгі) 10-ға дейінгі (жоғары) бағалаумен шәкіл бойынша сараптаудың төрт компоненті бойынша бағалау нәтижесі болып табылады. - Меншік құрылымы және сыртқы әсер – 5 - Акционерлер құқықтары – 5 - Айқындылық, аудит және тәуекелдерді басқару – 5+ - Директорлар кеңесінің тиімділігі, стратегиялық процесс, ынталандыру жүйесі – 5+ Standard & Poor’s ҚДБ корпоративті басқару тәжірибесінің мынадай мықты жақтарын ескерді. - "Самрұқ-Қазына" қоры ҚДБ қаржылық көмек көрсетеді және банктегі корпоративті басқару тәжірибесінің жетілуін ынталандырады. - Директорлар кеңесінің білікті кәсіби құрамы және тәуелсізділіктің жоғары дәрежесі бар. - Директорлар кеңесі және оның төрт комитеті тұрақты түрде күндізгі отырыстарды өткізуде; шешімдер негізінен консенсус негізінде қабылданады. Тәуелсіз директорлар отырыстарға тұрақты түрде қатысады. - Аудит жөніндегі комитетте көбінде тәуелсіз директорлар, комитет мүшелерінің қаржы және аудит саласында біліктіліктері бар. Ішкі аудит қызметі тәуекелдік-бейімделген тәсілді қолданады және Аудит жөніндегі комитетке және Директорлар кеңесіне бағынады. Тіуекелдерді басқару департаментінің есеп беру жүйесі де тиімді болып есептеледі. - Жалпы ҚДБ айқындылықтың жоғары деңгейін байқатуда, алайда көптеген халықаралық даму банктердің стандарттары одан да жоғары. - 2010 жылы банктің ұзақ мерзімді стратегиясының бекітілді. Сонымен қатар Standard & Poor's жүргізген сараптама ҚДБ корпоративті басқару жүйесіне тән бірқатар кемшіліктерді анықтады. - "Самрұқ-Қазына" қоры түрлі компаниялардың портфельдерін басқарушы кең ауқымды мемлекеттік ұйым болып табылады. Бұдан бұрын еншілес компаниялар бойынша шешім қабылдауда маңызды кідірістерге жол берді. Сондай-ақ, біздің пайымдауымызша, қордың бірқатар шешімдері үкіметтің тактикалық мақсаттарын немесе саяси реалийлерін айқындады және ҚДБ ағымдағы қажеттіліктері мен стратегиялық міндеттірен сай келмеді. - Тіуелсіз директорлар бірқатар ірі трансакциялардың шарттарына ықпал еткенімен, алайда олардың акционерге төтеп беру қабілеттіліктері, қажет болған жағдайда мәмілелерді оқшаулай отырып, әзріге байқалмады. - Банк стратегиясы мемлекеттік өнеркәсіптік саясатпен және қаржылық реттеумен тіклелей байланысты. Соның нәтижесінде банктің стратегияны әзірлеп жасаудағы еркіндігі шектеулі. - Менеджментке сыйақы төлеу қазіргі уақытта қызметтің нәтижесіне байланысты емес. Банктің экономикалық өсуіне және қаржылық қызметінің жағымды нәтижелеріне қарамастан, акционер кез келген сыйақыны төлеуге қарсы. - Тәуекелдерді басқару департаментінің "Базель II" стандарттарына сай болу үшін қажетті алдыңғы қатарлы ақпараттық қамтылуы жоқ. - Айқындылық және инвесторлармен қатынастарды арттыруға мүмкіндіктер бар. Есептің толық нұсқасы Standard & Poor's сайтында www.governance.standardandpoors.com, сондай-ақ орыс тілді сайтында www.standardandpoors.ru қол жетімді. Сондай-ақ Мәскеудегі мына нөмірлерге хабарласуға болады: (7) 495-783-40-00/40.