"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН ) THE ROMPETROL GROUP АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

03.03.11 10:55
/KASE, 03.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 02 наурызындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді. Наурыздың 2-сінде Алматыда The Rompetrol Group-тың басшылары мен жетекші іскер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кездесуі болып өтті. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры және The Rompetrol Group Директорлар Кеңесінің төрағасы Төлеген Бозжанов, The Rompetrol Group бас директоры Садуақас Мералиев, The Rompetrol Group тобы қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Дмитрий Григорьев журналистерге компанияның қазіргі жағдайына талдау жасап, даму перспективалары туралы айтып берді. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, The Rompetrol Group-ты ҚМГ ҰК еншілес кәсіпорны - «ҚазМұнайГаз» АҚ өңдеу және маркетинг» Мемлекет басшысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан ұлттық компанияларының әлемдік рыноктарға шығу туралы тапсырмасы бойынша 2007 жылы сатып алған болатын. The Rompetrol Group-ты сатып алу ҚМГ ҰК Қазақстанға энергия қорларын өткізу үшін тұрақты әрі өсіп келе жатқан Европа рыногына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осылайша, ҚМГ ҰК 300 миллионнан астам тұрғыны бар Европаның 12 рыногына шығуды қамтамасыз етті. Сонымен бірге Румыния ең тартымды әрі Қазақстанға географиялық жағынан ең жақын Европа рыногы болып табылады. The Rompetrol Group тобы акциялар пакетінің 100% бағасы 1,750 млн. АҚШ долларын құрады, сонымен қатар ABN AMRO, PriceWaterHouseCoopers, Norton Rose, Wolf Theiss, Purving&Gertz, ENW, ERM сынды халықаралық сарапшылар тартылып, олар толық талдау жасап берді. ABN AMRO инвестициялық банкі осы «келісімнің әділдігі» (fairness opinion) туралы банктің несие комитеті бекіткен ресми тұжырымдама жасады. Аталмыш баспасөз-хабарламасының ресми тізімімен KASE веб сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_020311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.