"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

17.03.11 10:26
/KASE, 17.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі банк) Биржаға ресми хат жолдап, былай деп мәлімдеді. Банк акционерлерінің кезектен тыс Жалпы отырысында (2011 жылдың 10 наурызындағы #3 хаттама) мынадай шешімдер қабылданды: 1. Банк Директорлар кеңесінің сандық құрамын 8 адамға дейін кеңейту. 2. Банк Директорлар кеңесі құрамына келесі жаңа мүшелер: - Банк Басқармасының төрағасы Эгглтон Майкл Джеймс мырза Банк акционерлерінің өкілі ретінде; - Алма Нұрқожаева ханым тәуелсіз директор ретінде; - Родостовец Николай Владимирович тәуелсіз директор ретінде сайлансын. Сондай-ақ Банк Директолар кеңесінің құрамынан Орифджан Кабулович Шадиев мырзаның оның өтініші негізінде шыққандығын хабарлаймыз.