"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "АҚТӨБЕ МҰНАЙ ЖАБДЫҚТЫ ЗАУЫТЫ" АҚ-НЫҢ KZ1C51970016 (AZNO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА KZ000A1CTMD1 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖАҢАРТТЫ

31.03.11 10:23
/KASE, 31.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ақтөбе мұнай жабдықты зауыты" АҚ (Ақтөбе) 2011 жылдың 16 наурызындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Ақтөбе мұнай жабдықты зауыты" АҚ-ның KZ1C51970016 жай акцияларына (KASE ресми тізімі, үшінші санат, AZNO) ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ000A1CTMD1 ISIN аталмыш акцияларға 2010 жылдың 02 наурызында, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.