2011 ЖЫЛҒЫ 21 қарашасынан бастап 20 желтоқсанына ДЕЙІН БИРЖАДА "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1P51460114 (KZ000A0RMTC3, RDGZP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

03.11.11 17:57
/KASE, 03.11.11/ – 2011 жылдың 21 қарашасынан 20 желтоқсанына дейін KASE сауда-саттық жүйесінде "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) KZ1P51460114 артықшылықты акциялары (KZ000A0RMTC3, KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZp) бойынша он үшінші арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы уәкілетті сатып алушысы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болып табылады. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ артқышылықты акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы саны 4 136 107 дана. Сатып алушы қағаздардың айтылмыш санынан 100 % сатып алуды көздейді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде 2011 жылдың 21 қарашасында Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 20 желтоқсанына ALT 16:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда- саттықтағы коды – RDGZpA. Сатып алушы кесімді бағаны 2011 жылдың 20 желтоқсанында ALT 16:30-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес 2011 жылдың 23 желтоқсанында (Т+3) жүзеге асырылады Есептесу жүргізілетін күні өтінімді қанағаттандыру сәтінде аталмыш акциялардың сатушылары бағалы қағаздардың "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы өз есеп-шоттарында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы тиісті есеп-шотында есептесу күніне дейінгі күнге бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бір акцияның бағасы теңгемен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны сатылатын акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі сатылатын акциялардың бір акцияның бағасына көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Сату өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сатып алушы бағасы кесімді бағаға тең немесе бағасы одан төмен өтінімдердің барлығын қанағаттандыра алады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысу үшін бағалы қағаздардың сатушылары сатуға ұсынылған бағалы қағаздардың айналыста болуын шектейтін қандай да бір келісім-шарттың немесе заңнама негізінде кепіл заты болмайтынын, немесе қандай да бір ауыртпалық салынбағанын, сондай-ақ оларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес иеліктен шығаруға тиісті рұқсаттар алынғанын, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың келісімі берілгенін кепілдеуі міндетті. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталған сауда-саттықтар "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу жөніндегі бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Алдында хабарланғандай, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бойынша бағдарламасын бекітіп, биржада қолданылатын ережелерге сәйкес, KASE отыз күндік арнайы мамандандырылған сауда-саттығында жекеленген ретті серияларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бағдарламаны 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ тиісті баспасөз-релизі http://www.kase.kz/news/show/1097005 мекен-жайы бойынша жарияланған. Осының алдында өткізілген алты сауда-саттық нәтижесі бойынша (2010 жылыдң 09, 10 наурызы, 11 наурызы – 09 сәуірі, 30 сәуірі – 28 мамыры, 01–30 шілдесі, 01–30 қыркүйегі, 01-30 қарашасы, 2011 жылдың 01-31 қаңтары, 04 сәуірі – 04 мамыры, 27 мамыры – 27 маусымы, 01-31 тамызы, 26 қыркүйегі – 25 қазаны) сатып алушы жалпы сомасы 35 040 488 586,70 теңгені құрайтын 1 912 803 артықшылықты акция сатып алды, (соңғы сауда-саттықта жасалған мәмілелердің орындалу күні – 2011 жылдың 28 қазаны АҚШ долларының биржалық бағамымен баламасы 237 498 228,19 АҚШ долларына тең), демек қайта сатып алуға жоспарланған акциялардың жалпы санынан 46,2 % құрады. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпараттарды KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/shares/show/RDGZp мекен-жайы бойынша жарияланған [2011-11-03]