ҚҰБ ҚҚК "ТЕМА Ко." АҚ KZ2P0Y03D754 (TEMAb2) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді тіркеді

04.11.11 17:19
/KASE, 04.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ТЕМА Ко." АҚ (Алматы), өзінің KZ2P0Y03D754 облигацияларының (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты; TEMAb2; 1 000 теңге, 1,2 млрд теңге; 14.05.10 – 14.05.13, жылдық 13,00 % тоқсандық купон; 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді көшірмесін және бұрын берілгеннің орнына, 2011 жылдың 26 қазанындағы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) аталған облигациялар шырғарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді; - айтылмыш куәлік "ТЕМА Ко." АҚ атауына ауысуына байланысты ауыстырылды; - аталған облигациялар шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тіліміне D75 нөмірімен енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/TEMA/temaf9b2_izm_261011.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған [2011-11-04]