21 қарашадан бастап KASE қайталама нарық секторында "Сырымбет" АҚ (Қазақстан) KZ1C52400013 (KZ1C00000595, SRBT) жай акциялары бойынша сауда-саттық ашылды

18.11.11 17:51
/KASE, 18.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 21 қарашасынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Сырымбет" АҚ (Солтүстік-Қазақстан обл., Сырымбет с.) KZ1C52400013 (KZ1C00000595, KASE ресми тізімі, үшінші санат, SRBT) жай акциялары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша 2011 жылдың 22 тамызынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/srbt мекенжайы бойынша жарияланған. [2011-11-18]