"Қазкоммерцбанкі" АҚ (Қазақстан) "Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ еншілес компаниясының жарғылық капиталының ұлғаюы туралы хабарлады

02.11.11 17:11
/KASE, 02.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазкоммерцбанкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 02 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Еншілес компанияларды дамыту жөніндегі жалпы концепциясы аясында "Қазкоммерцбанкі" АҚ басымдылықпен сатып алу құқығын жүзеге асыру шеңберінде жаңа эмиссияның жай акцияларын сатып алу арқылы "Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ жарғылық капиталын арттырды. 2011 жылдың 01 қарашасында "Қазкоммерцбанкі" АҚ бір акция (әрбір) үшін 1 000 теңге орналастыру құны бойынша "Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ жаңа шығарылымының 100 000 жай акциясын сатып алды. Нәтижесінде компанияның жарғылық капиталы 100 млн. теңгеге артып, 1 690 000 000 теңгені құрады; "Қазкоммерцбанкі" АҚ үлесі өзгермей, 100% құрады. "Қазкоммерцбанкі" АҚ инвестициялары активтердің бұдан арғы өсуін сақтап отыру үшін еншілес ұйымның капиталын нығайту мақсатында жасалды. "Казкоммерц-LIFE" ӨСК" АҚ өмірді сақтандыру саласында қызмет етеді және Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығында үздік үштіктің қатарына кіреді. Байланыс үшін: Алма Буйракулова, Инвесторлармен байланыс бөлімі Тел.: +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Тел.: +7 (727) 258-54-56, E-mail: pr@kkb.kz [2011-11-02]