/KASE, 29.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 29 қарашасындағы
баспасөз-хабарламасын жолдап, төмендегі туралы хабарлады:
Казкоммерцбанк өзінің тоғыз айдағы (2011 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған)
қызметі туралы, ҚЕХС сәйкес құрастырылған, қаржылық есеп берушілігіне
негізделген шоғырландырылған қажылық есеп берушілігін жариялады.
Негізгі көрсеткіштері
- Банктің 2011 жылдың тоғыз айындағы таза пайдасы, 2010 жылдың тоғыз
айындағы 15,7 млрд.-мен салыстырғанда, 14,0%-ға 17,9 млрд. теңгеге
дейін өсті.
- Түзетілген таза пайыздық маржасы 3,3% құрады.
- "провизияларды есептегенге дейінгі операциялық пайдасына қатысты
операциялық шығындары", 2010 жылдағы 22,4%-мен салыстырғанда, 26,4%
құрады.
- Депозиттер көлемі жыл басынан 19%-ға өсті.
- Брутто қарыздар3-ші тоқсанда 1,1%-ға артты (жыл басынан 1,8%-ға
төмендеді).
- 1-деңгейдегі капиталдың адекваттық коэффициенті 17,5% дейін өсті
(2010 жылдың соңындағы 16,2%-дан).
- Меншікті капиталының адекваттық коэффициенті 22% дейін өсті
(2010 жылдың соңындағы 20,1%-дан).
- Клиенттердің несиелері бойынша сақтық қорда сақтау мөлшерлемесі
22,7% дейін өсті.
- Несиелердің жалпы көлемінен қолданыстағы емес несиелер 27,3% құрады.
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында:
-
http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_291111.pdf – мекен-жайы
бойынша орыс тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_291111_e.pdf – мекен-жайы
бойынша ағылшын тілінде танысуға болады.
[2011-11-29]