ҚҰБ ҚҚК "АТФ банкі" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY10B406 (KZ000A0TZZD6, ATFBb4) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

21.11.11 15:23
/KASE, 21.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФ банкі" АҚ (Алматы) өзінің KZ2CKY10B406 облигацияларының (KZ000A0TZZD6, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb4; 100 теңге, 4,5 млрд теңге; 23.11.04 – 23.11.14; жарты жылдық купон жылдық 11,60 %, 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізіліп, тіркелген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмелерін ұсынды.. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 02 қарашасында тіркеп, "АТФ банкі" АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамында болған өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9b4_izm_021111.pdf мекенжайы бойынша жарияланған. [2011-12-01]