"Интергаз Орталық Азия" АҚ USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) халықаралық облигациялары KASE-де "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

08.11.11 16:23
/KASE, 08.11.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 08 қарашасындағы шешімімен "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) USN45748AB15, US45867EAB20 халықаралық облигациялары ($600,0 млн; 14.05.07 – 14.05.17, 6,375 % жарты жылдық купон, 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар иелерінің тізілімін жүргізуді The Bank of New York жүзеге асырады. Аталған облигациялар бойынша негізгі төлем агенті The Bank of New York болып табылады. Аталмыш облигацияларға INCAe2 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2011-11-08]