"Темірбанкі" АҚ (Қазақстан) Басқармасындағы өзгерістер

04.11.11 13:45
/KASE, 04.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темiрбанк" АҚ (Алматы) биржаға ресми хат жолдап, 2011 жылдың 11 қазанындағы Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Басқарма Төрағасының орынбасарлары болып Мұхтар Асқарұлы Бекқали және Ерұлан Айташұлы Құсайынов тағайындалғаны туралы хабарлады. [2011-11-04]