ҚҰБ ҚҚК "Capital Hotels" АҚ акциялары шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

25.11.11 14:50
/KASE, 25.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Capital Hotels" АҚ (Алматы, бұдан әрі - компания), өзінің акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін және 2011 жылдың 04 қарашасындағы бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) компания акциялары шығарылымына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік компания акцияларының саны ұлғаюына байланысты ауыстырылған; - кКомпанияның жарияланған акцияларының жалпы саны 1 000 000 000 дана, соның ішінде 750 000 000 – KZ1C53690018 жай акциялары, 250 000 000 – KZ1P53690114 артықшылықты акциялары; - компания акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізілімінде А5369 нөмірімен тіркелді; - 2007 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша компанияның 195 000 000 жай акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 195 000 000 теңге көлемінде қалыптастырылған. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 09 қарашасында тіркеп, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқармасының құрамында болған өзгерістерге байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CAHO/cahof9_izm_041111.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2011-11-25]