"АТФБанкі" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

02.11.11 15:19
/KASE, 02.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қазанында жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банк тіркеушісі " Зерде" тіркеуші" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің (тек жарияланған KZ1C35970017, KZ000A0ETF32 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 47 000 000 дана; - банктің 43 419 727 акциясы орналастырылған; - банк өзінің 29 190 акциясын қайта сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға UniCredit Bank Austria AG (Австрия, Вена) болып табылады, оның иелігінде банктің 43 277 393 жай акциясы (банктің орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,67 %) бар. [2011-11-02]