"БТА Банк" АҚ (Қазақстан) Англияның Жоғарғы соты Пол Китреотиске бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындағаны туралы хабарлады

03.11.11 12:17
/KASE, 03.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 03 қазанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Англияның Жоғарғы Соты (әрі қарай – "Сот") БТА Банкінің Директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы Пол Китреотисті Сотқа құрметсіздігі үшін кінәлі деп тапты және 21 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Соттың бұл шешімі БТА Банкімен бастама жасалған және активтерді қайтаруға және оның бұрынғы басшысымен келтірілген шығындарды өтеуге бағытталған ағымдағы сот даулары аясында 2011 жылғы 28 қазанда шығарылды. Активтерді халықаралық тоқтату туралы шешім аясында 2010 жылғы 29 шілдеде Сотпен Китреотис мырзаға 68 286 517 АҚШ доллар сомасында оның активтері туралы толық ақпарат ұсыну, сонымен қатар Банктің мәлімдеуі бойынша заңсыз шығарылған 295 миллион АҚШ доллар туралы ақпарат ұсыну тапсырылған болатын. Нәтижесінде, Пол Китреотис анық ақпарат бере алмады және Сотқа жалған ақпарат бергендігін мойындады. Китреотис мырза, басқа айыпталушылар тарапынан бопсалау, ізіне түсу және қорқыту қауіптеріне ұшырағандығына байланысты жалған ақпарат бергендігін мәлімдеді. Бұл пікір Апелляциялық сотпен қабылданған жоқ. 2010 жылғы 12 қазандағы Китреотис және Мұхтар Әбілязовтың жұбайының інісі Шалабаев мырзаның арасындағы электрондық хат жазысулар бойынша, Әбілязов мырза Китреотис мырзаға олардың уағдаластықтары бойынша 4,5 миллион фунт стерлинг төлеу керектігі анықталды. Осыған байланысты, Апелляциялық сот мүшелері - лорд-судья Неубергер, лорд- судья Карнвот және лорд-судья Джексон Китреотис мырзаның Сот шешімін орындаудан бас тартуы әдейі жасалған деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, Сотты адастыру амалы ретінде - күәгерлік жауаптарды бұрмалау фактісінің болуы Төрелік сотпен Китреотис мырзаны 21 ай бас бостандығынан айыру туралы үкім шығаруына алып келді. Бұл шешім Сотқа құрметсіздігі үшін Шалабаев мырзаны 18 ай абақтыға қамау түрінде жаза қолдану жөніндегі 2011 жылғы маусымда шығарылған үкімінен кейін шығарылды. Қайта құрылымдауға байланысты қабылданған халықаралық кредиторлар алдындағы Банк міндеттемелеріне сәйкес Банк алаяқтық әрекеттерге қатысы бар, сондай-ақ, Банктен ұрланған ақшаны және активтерді жасыруға ықпал еткен барлық тұлғалардан шығындарды өтеу бойынша әрекеттерге қол жеткізу ниетін тағы да растады. Қажет болса, Банк әрекеттері ағылшын сот талаптарын орындамайтын және Банкке ықпал етпейтін тұлғаларды бас б остандығынан айыру туралы талаппен сотқа шағымдану сияқты қадамдарды қамтитын болады. Сондай-ақ, Банк, Китреотиске қатысты Сот шешімі Банктің пікірі бойынша ұрланған активтерді қайтару процесінің көптеген сәтті қадамдарының бірі екендігін атап өтеді. БАҚ арналған байланыстар: тел. +7(727) 266 47 97, 266 47 99 e-mail: pr@bta.kz www.bta.kz цитата соңы [2011-11-03]